https://sputnik.kz/20221008/nurzhan-altaev-osk-ge-quzhat-tapsyrdy--ogan-malimetterdi-burmalady-degen-ayyp-tagyldy-28279460.html
Нұржан Әлтаев ОСК-ге құжат тапсырды – оған мәліметтерді бұрмалады деген айып тағылды
Нұржан Әлтаев ОСК-ге құжат тапсырды – оған мәліметтерді бұрмалады деген айып тағылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке... 08.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-08T08:34+0500
2022-10-08T08:34+0500
2022-10-11T18:11+0500
сайлау
https://sputnik.kz/img/1198/87/11988737_115:0:3000:1623_1920x0_80_0_0_7ba43305f97f78e5710e5125a5b0c411.jpg
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды.Бұл туралы жұма күні ОСК баспасөз қызметі хабарлады."7 қазанда Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар ОСК-ге тапсырылды", - делінген хабарламада.Әлтаев бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін де атқарған.Әлтаевқа құжаттарды бұрмалады деген айып тағылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, "Мұқалмас" РҚБ-ның бірқатар филиалының басшылары кандидат ұсыну туралы хаттаманың бұрмаланғанын хабарлаған.Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1198/87/11988737_669:0:2833:1623_1920x0_80_0_0_b9d52404097c1689e00026c6d3b9c2cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды.
Бұл туралы жұма күні ОСК баспасөз қызметі хабарлады.
"7 қазанда Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар ОСК-ге тапсырылды", - делінген хабарламада.
Әлтаев бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін де атқарған.
Әлтаевқа құжаттарды бұрмалады деген айып тағылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, "Мұқалмас" РҚБ-ның бірқатар филиалының басшылары кандидат ұсыну туралы хаттаманың бұрмаланғанын хабарлаған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатыр.