Астаналық оқушылар екі күн қашықтан оқиды

© Sputnik / Владислав ВодневОқушы, архивтегі фото
Оқушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. 13-14 қазанда елордалық оқушылар қашықтан оқиды, өйткені бұл күндері Астанада бірнеше халықаралық форум өтеді.
13-14 қазанда елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 6-шы саммиті, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтеді.
Сондай-ақ Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ елордада саяси іс-шаралар кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады
Жаңалықтар
0