Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. 14 қазанда елордамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады. Іс-шара Қазақстанның төрағалығымен өтеді.
Осы күнге "Орталық Азия – Ресей" саммиті жоспарланған. Сондай-ақ мемлекет басшысы алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.
11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.
12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.
Жаңалықтар
0