https://sputnik.kz/20221006/qazaqstan-khalyq-partiyasy-toqaevty-prezidenttikke-kandidat-retinde-usyndy-28234581.html
Қазақстан халық партиясы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды
Қазақстан халық партиясы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан халық партиясы кезектен тыс XXI съезінде президент сайлауына партияның атынан кандидат ұсынды. Халықтық партия... 06.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-06T10:40+0500
2022-10-06T10:40+0500
2022-10-06T10:40+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/06/28233195_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5c5cb554d16c26d6a729c778ea8381a3.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан халық партиясы кезектен тыс XXI съезінде президент сайлауына партияның атынан кандидат ұсынды. Халықтық партия бірауыздан қабылданған шешіммен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біз қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Бұл туралы бұрын да айттық. Осы ұстанымда қала береміз. Халық партиясының барлық бастамасы президенттің Қазақстан халқына жолдауында қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын білесіздер. Бірақ президент Тоқаевтың саясаты бізге жақын, Қазақстан халық партиясының идеологиясы мен құндылықтарына толығымен сәйкес келеді", - деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.Ол партия парламент сайлауында билік үшін күресетінін мәлімдеді."Біздің мақсатымыз – жеңіске жету және халық сенетін үкімет жасақтау", - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев.Бүгінгі таңда саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден мына кандидаттар ұсынылды: Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП); Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; Мейрам Қажыкен – "Аманат" кәсіподақтар достастығы.Еске сала кетейік, Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну процесі жалғасып жатыр. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
https://sputnik.kz/20221006/amanat-sezinin-delegattary-toqaevtyn-kandidaturasyn-birauyzdan-qoldady-28232751.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/06/28233195_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ff94ac8947630a10c57a4e2b61f74884.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
Қазақстан халық партиясы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан халық партиясы кезектен тыс XXI съезінде президент сайлауына партияның атынан кандидат ұсынды. Халықтық партия бірауыздан қабылданған шешіммен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Бұл туралы бұрын да айттық. Осы ұстанымда қала береміз. Халық партиясының барлық бастамасы президенттің Қазақстан халқына жолдауында қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын білесіздер. Бірақ президент Тоқаевтың саясаты бізге жақын, Қазақстан халық партиясының идеологиясы мен құндылықтарына толығымен сәйкес келеді", - деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Ол партия парламент сайлауында билік үшін күресетінін мәлімдеді.
"Біздің мақсатымыз – жеңіске жету және халық сенетін үкімет жасақтау", - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев.
Бүгінгі таңда саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден мына кандидаттар ұсынылды: Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП); Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; Мейрам Қажыкен – "Аманат" кәсіподақтар достастығы.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну процесі жалғасып жатыр. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.