Amanat Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады

© Sputnik / Ксения ВоронинаAmanat партиясы съезінің делегаттары
Amanat партиясы съезінің делегаттары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Amanat партиясы кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуға бірауыздан дауыс берді. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов XXIV съезд барысында партияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын дауысқа салуды ұсынған болатын. Ол қазір елімізге халық сенетін кандидат қажет екенін баса айтты.
Айта кетері, Астанада Amanat партиясының съезі өтіп жатыр. Оның жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысуда – барлығы 1200-ден астам адам.
Қазақстанда мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды, бұл кезең 11 қазанға дейін жалғасады. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Amanat партиясы президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Жаңалықтар
0