Қоғам

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрып-соққандарға сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
Қылмыстық іс төрт санитар маманның үстінен қозғалды. Олардың үшеуі шартты түрде сотталды
АЛМАТЫ, 5 қазан- Sputnik. Ақтөбе облысының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленушілерді ұрып-соққандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Жүйке-жүйесінде ауытқуы бар балаларды тәрбиелейтін орталықта санитар мамандардың әрекетін сәуір айында прокурорлар анықтаған болатын,
Ақтөбе облыстық прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларды үнемі ұрып-соғатыны туралы шағым түскен.
Орталықты тексерген жедел прокурорлар оқиғаның растығына көз жеткізді. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары шұғыл басталған.
Қылмыстық іс 4 санитар маманның үстінен қозғалды. Олардың үшеуі шартты түрде сотталды. Жақында төртінші санитар маманға сот үкімі шықты. Сот оның балаларының жас екенін, әрі істеген ісіне өкінетінін ескеріп, 4 жыл алты ай мерзімде шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
0