https://sputnik.kz/20220430/aqtobede-ortalyq-qyzmetkerleri-aqyl-esi-kem-balalardy-uryp-soqqan-24559584.html
Ақтөбеде орталық қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан
Ақтөбеде орталық қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, деп... 30.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-30T09:01+0500
2022-04-30T09:01+0500
2022-04-30T09:01+0500
өңірлер
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/1034/66/10346622_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_f9885fdbabd6a84d912c4074ffadf794.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.28 сәуірде прокуратураға "№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы шағым түскен. Орталықта ақыл-есі кем, церебралды сал ауруы, Даун синдромы мен олигофренияға шалдыққан балалар тәрбиеленеді.Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлімі (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдары тергеу жүргізу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жіберілді.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады прокуратура.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1034/66/10346622_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_2729b575b40459186d8d9bb9935e425d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде орталық қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
28 сәуірде прокуратураға "№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы шағым түскен. Орталықта ақыл-есі кем, церебралды сал ауруы, Даун синдромы мен олигофренияға шалдыққан балалар тәрбиеленеді.
"Прокурорлар бірден осы мекемеге барып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Тексеру барысында орталық қызметкерлері балаларды ұрғаны және өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлімі (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдары тергеу жүргізу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жіберілді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады прокуратура.