Спорт

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойынының эстафетасын Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қабылдады. Эстафетаны Түркияның жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, алғашқы ойындар Қырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың бастамасымен 2014 жылы өтті. Оған 18 елден 300-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Олар 11 этникалық спорт түрінен бақ сынады.
Екінші ойындар 2016 жылы ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға 53 елден мыңнан аса спортшы қатысты.
Ал үшінші Көшпенділер ойыны 2019 жылы қыркүйекте Қырғызстанда өтті. Бұдан кейін төртінші ойындарды өткізу құқығын Түркия алды. Жарыстар Изник қаласында өтті.
архив рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Көшпенділер ойынында балуандар қазақ күресінен 6 медаль еншіледі
Жаңалықтар
0