Көшпенділер ойынында балуандар қазақ күресінен 6 медаль еншіледі
07:02 03.10.2022 (жаңартылды: 10:34 10.08.2023)
© Photo : Агентство РК по делам спорта физической культурыархив рекадр
© Photo : Агентство РК по делам спорта физической культуры
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар қазақ күресінен 6 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ұлттық спорт федерациясы.
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 6 салмақ дәрежесі бойынша балуандар ел намысын қорғады.
Ұлттық құрама сапында "Қазақстан Барысы" Мақсат Исағабылов, Әлем кубогінің жеңімпазы Еламан Қойшыбаев, әлем чемпионы Марат Нығматуллаев және бұрымды балуандар Рауза Нұрмұхамметова, Зарина Сарипова, Мөлдір Азамат келген болатын.
Көшпенділердің халықаралық жарысына әлемнің 19 елінен 61 спортшы келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан бар.
Бүгінгі додада қазақ күресінің 6 балуаны да жүлделі орыннан көрінді. Марат Нығматуллаев (60 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.
Бұрымды балуандардан Сарипова Зарина (65 келі) ел қоржынына екінші алтынды салды.
Қойшыбаев Еламан (80 келі) мен Нұрмұхамметова Рауза (55 келі) күміс жүлдеге ие болды.
"Қазақстан Барысы" - Мақсат Исағабылов (+80 келі) пен Мөлдір Азамат (+65 келі) қола жүлдеге тұрақтады.