Қоғам

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адвокатқа үкім шықты

© PhotoТоқаевқа қастандық жасамақ болған ер адам
Тоқаевқа қастандық жасамақ болған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған ер адамды 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Іс жабық сот отырысында қаралды.
Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды:
мемлекетке опасыздық жасағаны үшін – 11 жылға бас бостандығынан айыру;
бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, ЕАЭО кеден шекарасы арқылы атыс қаруын алып өткені үшін - 9 жыл;
бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін - 7 жыл;
бір топ адаммен алдын ала сөз байласып жасалған, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз дайындауға әзірлігі үшін - 4 жыл;
мемлекеттік қызметін тоқтату және кек алу мақсатында Қазақстан президентіне қастандық жасауға дайындалғаны үшін - 10 жыл;
терроризм актісіне дайындалғаны үшін - 10 жыл;
құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қастандық жасауға дайындалғаны үшін – 10 жыл;
шағын және аса ісі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, оны өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін - 5 жыл.
Сотталушы жазаларды ішінара қосу арқылы 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, биыл сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада Қазақстан президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады.
Сонымен қатар ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.
Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшек-бөлшекпен әкелінген.
Әлеуметтік желіде күдіктінің мамандығы журналист және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінде жұмыс істегені туралы мәлімет тараған болатын.
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Қоғам
Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды
Жаңалықтар
0