https://sputnik.kz/20220403/toqaevqa-qastandyq-zhasamaq-bolgan-sheteldik-barlau-agenti-ustaldy-23916612.html
Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды
Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге... 03.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-03T09:46+0500
2022-04-03T09:46+0500
2022-04-03T10:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23272011_0:0:3619:2037_1920x0_80_0_0_72cdcc89ad777f9f25f1c0f3b14c3aeb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады."25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті "А" деген Қазақстан азаматын ұстады", - делінген ҰҚК хабарламасында.Сонымен қатар ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшек-бөлшекпен әкелінген.Бұған қоса, "А" агенті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеу жүргізу және қоғамда русофобтық көзқарастардың пайда болуы секілді тапсырмаларды орындаған.Алдын ала тергеу барысында Қазақстан азаматы шетел мемлекетінің тапсырмасын орындағанын мойындады.Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23272011_337:0:3068:2048_1920x0_80_0_0_26a9537161918cf42ea3801b06379185.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады.
"25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті "А" деген Қазақстан азаматын ұстады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Сонымен қатар ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.
Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшек-бөлшекпен әкелінген.
Бұған қоса, "А" агенті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеу жүргізу және қоғамда русофобтық көзқарастардың пайда болуы секілді тапсырмаларды орындаған.
Алдын ала тергеу барысында Қазақстан азаматы шетел мемлекетінің тапсырмасын орындағанын мойындады.
Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.