Қоғам

Ресейден келетін мигранттардың саны азайды – үкімет

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2022
Жазылу
Ресеймен шекарада қазақстандықтар үшін "жасыл дәліз" ашылды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Бүгін үкіметте премьер-министрдің төрағалығымен көші-қон мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, 21-28 қыркүйек аралығында Ресейден келген мигранттардың саны 2-3 есеге көбейген. Алайда соңғы екі күнде едәуір төмендей бастады.
"Есептік кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы Қазақстан Республикасынының азаматтығын алуға құжат тапсырды", - деді Ахметжанов.
Осы орайда министр криминогендік жағдай тұрақты екенін ерекше атап өтті. Мигранттар тарапынан жасалған қылмыстар тіркелмеген. Қазіргі кезде адам көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пунктерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.
"Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өту бойынша проблемалар жоқ", — деп мәлімдеді Алдажұманов.
Ал премьер-министр Әлихан Смайылов жекелеген өткізу бекеттерінде әлі де ұзын-сонар кезек бар екенін айтты.
"Ресейдің шекара қызметімен өзара іс-қимылды күшейту керек, екі жақтан да адамдар жиналып қалмауы үшін бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет. Себебі, бұл бизнес пен халықтың орынды наразылығын тудырады. Бірінші кезекте қазақстандықтар үшін тұрақты "жасыл дәлізді", сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет", — деді Смайылов.
шекара - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздер" ашылады
Жаңалықтар
0