Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздер" ашылады

© Пограничная служба комитета национальной безопасности Казахстана шекара
шекара - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрң Серік Жұманғарин Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздердің" ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі кезде екі елдің шекарасында кептеліс бар. Ұзын сонар кезекте қазақстандықтар ғана емес, азық-түлік көліктері де тұрып қалды. Күні кеше мен әріптесім - Ресейдің вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекараның арғы жағында өз азаматтарымыз тұр, өте алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де бар. Екеуіміз келіскен сияқтымыз. Ол тиісті ережені шығарды. Бүгін шекара қызметтері өзара келіссөз жүргізеді. Біз "жасыл дәліздерді" ұйымдастыруға тырысамыз. Онымен ең алдымен өз азаматтырымз және азық-түлік таситын көліктер өтеді", - деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, ресейліктердің келуіне байланысты шекралас аймақтарда азық-түлікті тұтынуы жағынан диспропорция болуы мүмкін. Ал республика бойынша азық-түлік қауіпсіздігі жағынан қиындық болмайды.
Жаңалықтар
0