Қоғам

Оқушыларға мантудың орнына тірі вакцина еккен: полиция қылмыстық іс қозғады

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысының полициясы бірінші сынып оқушыларын Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы 1-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе мектебіндегі жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған болатын. Арнайы комиссия да құрылды.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласында №74 жалпы білім беретін орта мектепте дәрігерлер бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген.
Мектеп бойынша профилактикалық екпе жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде жеке клиника – "Медикус орталығы" ЖШС дәрігері мен медбикесі тағайындалған. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.
Балалардың жағдайы қанағаттанарлық, деген еді ведомство.
Медик в защитном костюме готовит шприц с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Ақтөбеде оқушыларға мантудың орнына басқа вакцина салып жіберген
Жаңалықтар
0