Ақтөбеде оқушыларға мантудың орнына басқа вакцина салып жіберген

© AP Photo / Jae C. HongМедик в защитном костюме готовит шприц с вакциной от коронавируса
Медик в защитном костюме готовит шприц с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген. Бұл қателікті ата-аналар екі апта өткен соң бір-ақ білген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, №74 орта мектептің 42 оқушысының жақындары жауапсыз медицина қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ата-аналардың айтуынша, балалардың көпшілігі өздерін жайсыз сезінеді. Екпе салған жер қатты ісіп, іріңдеген. Тіпті қолдарын көтере алмай қалғандары да болыпты. Анықтай келе, балаларға мантудың орнына иыққа салатын тірі вакцина егілгені анықталған.
""Тірі" вакцина енгізіліп кеткен. Ол ағзадағы барлық жасушаны оятады дейді. Процесс жүріп жатыр. Міне, екі жетіден асып кетті. Бала қолын көтере алмайды. Бездері шошынған. Өзімен өзі жата береді. Әлсіздік пайда болды", - дейді ата-ана Раушан Исаева.
Ал медицина қызметкерлері ата-аналардан алты айды күтуді сұраған. Сол кезде вакцина күші жойылатын көрінеді.
Бұл вакцинаны салған медицина қызметкерлері жеке клиниканың мамандары көрінеді. Олар мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсеткен. Осындай жағдайдан кейін дәрігер де, медбике де жұмыстан босатылған. Прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.
"Қателікті жіберген - медицина қызметкерлері. Олар өз қателіктерін мойындап отыр. Енді 42 бала осындай жағдайда болған соң, не болатынын ешкім айта алмайды. Тек қана біздің өзіміз айтатынымыз, басқа жерге салынып, техникалық ақау кеткені рас", - Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.
Жаңалықтар
0