https://sputnik.kz/20220928/oqushylar-mantu-tiri-vaktsina-ekken-qyzmettik-tekseris-28028748.html
Оқушыларға мантудың орнына тірі вакцина еккен: қызметтік тексеріс басталды
Оқушыларға мантудың орнына тірі вакцина еккен: қызметтік тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
Қателік жіберген медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілді 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T17:36+0500
2022-09-28T17:36+0500
2023-08-09T09:58+0500
өңірлер
вакцина
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде мектеп оқушыларын Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау фактісі бойынша қызметтік тексеріс бастады.Бұл факті бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына денсаулық сақтау министрлігінің бейінді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, сондай-ақ бейінді мамандар кірді. Олар эпидемиологиялық тексеріс жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған жайтқа баға береді.Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулығын тұрақты бақылап отыр.Еске салсақ, 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласында №74 жалпы білім беретін орта мектепте дәрігерлер бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген.Мектеп бойынша профилактикалық екпе жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде жеке клиника – "Медикус орталығы" ЖШС дәрігері мен медбикесі тағайындалған. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.Балалардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда, деп хабарлады министрлік.
https://sputnik.kz/20220928/aqtobede-oqushylarga-mantudyn-onyna-basqa-vaktsina-salyp-zhibergen-27993090.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, оқушы
Оқушыларға мантудың орнына тірі вакцина еккен: қызметтік тексеріс басталды
17:36 28.09.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Қателік жіберген медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілді
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде мектеп оқушыларын Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау фактісі бойынша қызметтік тексеріс бастады.
Бұл факті бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына денсаулық сақтау министрлігінің бейінді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, сондай-ақ бейінді мамандар кірді. Олар эпидемиологиялық тексеріс жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған жайтқа баға береді.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулығын тұрақты бақылап отыр.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласында №74 жалпы білім беретін орта мектепте дәрігерлер бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген.
Мектеп бойынша профилактикалық екпе жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде жеке клиника – "Медикус орталығы" ЖШС дәрігері мен медбикесі тағайындалған. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.
Балалардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда, деп хабарлады министрлік.