Әлем

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды - БАҚ

© AFP 2024 / JUNG YEON-JEСолтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2022
Жазылу
Оңтүстік Корея әскерилерінің айтуынша, снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағының сыртында теңізге құлауы мүмкін
АСТАНА, 25 қыркүйек - Sputnik. Корея халық демократиялық республикасы Жапония теңізіне қарай белгісіз баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Рёнхап ақпарат агенттігі Корея Республикасы штаб басшылары комитетіне сілтеме жасап.
Әскерилер зымыранның қашықтығы, жылдамдығы мен биіктігін зерттеп жатыр. NHK телеарнасы атап өткендей, снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлауы мүмкін.
Рёнхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер бұған дейін Солтүстік Кореяның түбектің шығыс жағалауындағы Синпхо порты маңындағы белсенділігін байқаған. Бұл суасты баллистикалық зымыранын (SLBM) ұшыруға дайындық болуы мүмкін.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне белгісіз баллистикалық зымыранды ұшырды, деп жазды агенттік.
Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2018
Әлем
Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартатынын мәлімдеді
Жаңалықтар
0