Әлем

Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартатынын мәлімдеді

© РИА Новости/ Илья ПиталевКим Чен Ын
Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
КХДР солтүстігінде ядролық полигон жабылады. Ким Чен Ын мәлімдегендей, Солтүстік Корея енді социалистік экономиканы дамытпақ

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарынан бас тартатынын мәлімдеді. Ел жаңа стратегиялық бағыт алып, экономиканы нығайту жолдарын күшейтпек.

Солтүстік Корея - Sputnik Қазақстан
Саясат
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр

РИА Новости мәліметіне сүйенсек, бұл шешім Кореяның Еңбек партриясы пленумында қабылданған.

Сынақтарды тоқтату туралы шешіміне қарамастан, КХДР-дың ядролық потенциалы сақталып қалады. Билік өкілдері ел қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда қаруды пайдаланатынын жоққа шығармайды.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын мәлімдегендей, енді партия ядролық қарудан ада әлемнің орнығуына өз үлесін қосатын болады.

Ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандарды ұшыру 21 сәуірде тоқтатылады. Елдің солтүстігіндегі ядролық полигон жабылады.

"Барлық күшімізді мықты социалистік экономика құрып, халықтың өмір деңгейін жақсартуға жұмылдырамыз", — деп қорытынды шығарылды пленумда.

Жаңалықтар
0