Өңірлер

Павлодар облысының тұрғыны көлікте әйелді босандырып алды

© Pixabay / Madlen DeutschenbaurМладенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 25 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны көлікте әйелді босандырып алды.
Бала Қызылжар ауылынан облыс орталығына бара жатқан жолда дүниеге келген, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
103 қызметіне қоңырау бір күн бұрын сағат 03.16-да түскен. Қоңырау шалушы 28 жастағы әйелдің тасжолда көлікте босанып жатқанын айтқан. Бірінші жеделдік санаты бойынша ол жерге жақын маңдағы медициналық бригада жіберілген. Дәрігерлер бес минуттан кейін барған, бірақ бұл уақытта нәресте дүниеге келіп үлгерген. Анасының әпкесі көмектескен.
Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің кіндігін өңдеп, баланы сүртіп, жылытқан.
Анасының айтуынша, бала бірден айқайлаған. Оның салмағы шамамен 3,1 келі, бойы - 52 сантиметр. Жағдайы тұрақты, нәресте анасымен бірге облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.
Педиатр Майра Айтуарқызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Денсаулық
Сәбиді құйрық маймен емдеу қаншалықты дұрыс – педиатр пікірі
Жаңалықтар
0