https://sputnik.kz/20220925/mangystau-oblysynda-politseyler-brakonerdi-ustady-27849873.html
Маңғыстау облысында полицейлер браконьерді ұстады
Маңғыстау облысында полицейлер браконьерді ұстады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Браконьерден 34 килограмм бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 25.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-25T19:55+0500
2022-09-25T19:55+0500
2022-09-25T19:55+0500
браконьер
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/old/987/99/9879927_0:254:2737:1794_1920x0_80_0_0_7b100991b5478313a5cdd35f0797b568.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Браконьерден 34 килограмм бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Полицияның мәліметінше 24 қыркүйек күні сағат 16:13 шамасында Қаламқас мұнай-газ кен орны маңындағы жолда полицейлер "Газель" көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктен заңсыз ауланған жалпы салмағы 34 килограмм 100 грамм бекіре тұқымдас балықтар, сонымен қатар үрлемелі қайық пен балық аулайтын аулар табылды.Браконьер 37 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді.Мұндай қылмыс үшін жауапкершілік 3 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуды немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеуді қарастырады.Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
https://sputnik.kz/20220804/zhetisu-oblysynda-brakonerler-sibir-tautekesin-aulagan-26516950.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/987/99/9879927_3:0:2734:2048_1920x0_80_0_0_e74056c4501b316574c4c97fd05dd403.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
браконьер, маңғыстау облысы
браконьер, маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында полицейлер браконьерді ұстады
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Браконьерден 34 килограмм бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше 24 қыркүйек күні сағат 16:13 шамасында Қаламқас мұнай-газ кен орны маңындағы жолда полицейлер "Газель" көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктен заңсыз ауланған жалпы салмағы 34 килограмм 100 грамм бекіре тұқымдас балықтар, сонымен қатар үрлемелі қайық пен балық аулайтын аулар табылды.
Браконьер 37 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді.
Мұндай қылмыс үшін жауапкершілік 3 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуды немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеуді қарастырады.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.