Жетісу облысында браконьерлер сібір таутекесін аулаған

© PhotoЖетісу өңірінде сібір таутекесін аулаған браконьерлер ұсталды
Жетісу өңірінде сібір таутекесін аулаған браконьерлер ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде үш браконьер таутеке аулаған, олардың бірі Қазақстан, екеуі Испания азаматы екені анықталды.
Кешкі рейд барысында Тоқты мемлекеттік табиғи қорығы аумағында мемлекеттік инспекторлар "Toyota Land Cruiser Prado" автокөлігін тоқтатты. Джип иесі қазақстандық болып шықты, оның салонында Испанияның екі азаматы болған, деп хабарлады экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
"Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде екі сібір таутекесінің басы мен терісі, салмағы 60-62 келі болатын еті, екі шетелдік азаматқа тиесілі Mannlicher және "Блейзер" маркалы қару табылды", - деп хабарлады комитет өкілдері.
Айғақ заттар тәркіленіп, Жетісу облысы Алакөл ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
Жаңалықтар
0