Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықты қайта басудың қажеті жоқ – Аймағамбетов

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауының өзгеруіне байланысты мектеп оқулықтары қайта басылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында президенттің жарлығымен елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгерді. Ал мектеп оқулықтарына бұған дейін "Нұр-Сұлтан" деген атау енгізіліп қойған.
"Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтар ауыстырылмады. Меніңше, соған бола қайта бастырудың қажеті жоқ. Бізде 2016-2018 жылдары (елорда Нұр-Сұлтанға болғанға дейін – Sputnik) басылған оқулықтар көп. Сосын балалар да, жалпы, халық елорданың атауын біледі ғой", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, мектеп оқулықтарын қайта басудың нақты тәртібі бар. Оған білім беру бағдарламаларын жаңарту шаралары да әсер етеді. Ал уақыт келгенде оқулықтар қайта басылады. Сол кезде елорданың атауы да, жаңадан облыстардың қосылғаны да ескеріледі.
Надпись Астана-Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Елордаға Астана атауы қайтарылды
Жаңалықтар
0