Қазақстандағы орман өрті Ресейге ығысуы мүмкін

© Photo : МЧС РКОрман өрті
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы орман өрті осы аптада Орынбор мен Челябі облыстарының шекаралас аймақтарына таралуы мүмкін, деп ескертті Жалпыресейлік азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ғылыми-зерттеу институты.

"Қазақстанның іргелес аумақтарынан өрттің Орынбор және Челябі облыстарына өту қаупі сақталады", - деп жазылған институт сайтындағы хабарламада.

Ауа райы жағдайына байланысты Тува, Қалмақ, Алтай, Ставрополь өлкесінде, Астрахань, Новосібір, Томск, Омбы, Орынбор, Самара, Челябі және Қорған облыстарында дала өртінің жалғыз ошақтарының өршу қаупі бар екені айтылды.

Қостанай облысындағы өрт

Қыркүйектің басында Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман алқабын ірі өрт шарпыды. Өртті сөндіру 2-10 қыркүйек аралығында жалғасты. Өрт 43 мың гектардан астам аумаққа жайылды. Өрт екі елді мекендегі 91 үйгее зақым келтірді.
Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында да өрт шықты.
Природные пожары в Восточном Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден төлей бастады
Жаңалықтар
0