Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден төлей бастады

© Photo : Пресс-служба ДЧС Восточно-Казахстанской области Природные пожары в Восточном Казахстане
Природные пожары в Восточном Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
Құжаттарын толық тапсырған алғашқы 48 адамның карта шотына 1 миллион теңгеден түсті
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден төлей бастады, қазірдің өзінде 48 адам сәйкес төлемді алды, деп хабарлады облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Көмек көрсету үшін облыста "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қоғамдық қоры жұмыс істейді. Құжаттарын толық тапсырған алғашқы 48 адамның карта шотына 1 миллион теңгеден түсті, деп түсіндірді әкім.
"Үйсіз қалған тұрғындарға арнап 91 үй салу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 13 мердігер ұйым айналысып жатыр. Жаңа үйлер салынатын жер ретінде Әулиекөл ауылындағы жер телімі анықталды. Бас жоспарға сәйкес, ауылда тұрғын үй салуға арналған жалпы көлемі 53 гектар жер телімі бар. Оның 12 гектары 10 соттық жерде 100 шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген", - деп жазды аймақ басшысы.
Сондай-ақ, ол жер телімдері қажетті инфрақұрылыммен, яғни, су, газ, жарық, сонымен қатар кіреберіс жолдармен қамтамасыз етілетінін айтты. Жер телімдері бар жаңа үйлер өрттен зардап шеккен азаматтардың меншігіне беріледі.
"Құрылыс жұмыстары менің тұрақты, сондай-ақ техникалық және сәулеттік қадағалаудың бақылауыммен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, үй шаруасындағы ммалдың қырылуына байланысты келтірілген залал өтеледі. Ол залалдың орнын толтыру Әулиекөл ауданы әкімдігіне жүгінген жағдайда, жергілікті бюджет және "Қайырымдылық KZ" қорының қаражаты есебінен жүргізіледі. Бейбіт тұрғындардан бөлек, 14 кәсіпкерлік субъектісі де зардап шекті. Кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу бойынша барлық зардап шеккен нысандарда жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Мұхамбетов.
Сондай-ақ, ол залалдың орнын толтыру тек келтірілген залалды бағалаудан кейін және кәсіпкер тиісті растау құжаттарын ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0