https://sputnik.kz/20220922/osk-ukimetten-prezident-saylauyn-otkizuge-205-mlrd-tenge-surap-otyr-27773551.html
ОСК үкіметтен президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге сұрап отыр
ОСК үкіметтен президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге сұрап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Алдағы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T12:20+0500
2022-09-22T12:20+0500
2022-09-22T12:20+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305217_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_f783e8e1be25a41284dc65ffb25bb467.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Алдағы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, үкіметтен сұралып отырған ақша, сондай-ақ, жарамсыз урналарды ауыстыруға, бюлеттень әзірлеуге жұмсалады.Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге жұмсалса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін артқан.Сондай-ақ биыл ОСК тиісті санаттағы азаматтар үшін Брайль шрифті бар трафареттер әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол әрбір сайлау учаскесінде болады.Бұдан бөлек, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де 105 миллион теңгеге өтінім берген. Бұл ақшаға министрлік қызметкерлері шет елдердегі қазіргі есептеулер бойынша 69 сайлау учаскесіне бюллетеньдерді жеткізеді."Бұл кезектен тыс сайлау болғандықтан, үкімет сайлауға резервтен ақша бөлу туралы шешім қабылдайды. Біз, ең алдымен, сметаны қаржы министрлігінде қорғаймыз, кейін процедуралық тәртіппен басқа мүдделі министрліктермен келісеміз", - деп түсіндірді Мұстафина.Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президентікке кандидаттар ұсыну ертең, 23 қыркүйекте басталады.
https://sputnik.kz/20220922/prezident-saylauy-byulletende-barine-qarsymyn-degen-tarmaq-bolady-27772123.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305217_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_e3c42da2a833409871cdc3a83cacbd37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
ОСК үкіметтен президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге сұрап отыр
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Алдағы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз қаржы министрлігіне сайлау науқанына жұмсалатын шығындардың сметасын ұсындық. Оның мөлшері – 20,5 миллиард теңге. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Сметаның көптігі, ең алдымен, еңбекақы төлеу қорымен байланысты", - деді Мұстафина брифингте.
Айтуынша, үкіметтен сұралып отырған ақша, сондай-ақ, жарамсыз урналарды ауыстыруға, бюлеттень әзірлеуге жұмсалады.
Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге жұмсалса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін артқан.
Сондай-ақ биыл ОСК тиісті санаттағы азаматтар үшін Брайль шрифті бар трафареттер әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол әрбір сайлау учаскесінде болады.
Бұдан бөлек, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де 105 миллион теңгеге өтінім берген. Бұл ақшаға министрлік қызметкерлері шет елдердегі қазіргі есептеулер бойынша 69 сайлау учаскесіне бюллетеньдерді жеткізеді.
"Бұл кезектен тыс сайлау болғандықтан, үкімет сайлауға резервтен ақша бөлу туралы шешім қабылдайды. Біз, ең алдымен, сметаны қаржы министрлігінде қорғаймыз, кейін процедуралық тәртіппен басқа мүдделі министрліктермен келісеміз", - деп түсіндірді Мұстафина.
Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президентікке кандидаттар ұсыну ертең, 23 қыркүйекте басталады.