сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Президент сайлауы: бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақ болады

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдай алады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы сайлауда міндетті түрде алғаш рет өз пікірін білдіру үшін "барлығына қарсымын" деген мүмкіндік болады", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, 2019 жылы бір бюллетень 11 теңге болса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін өскен.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Президенттікке үміткер 3 млн теңге жарна төлеуі керек – ОСК
Жаңалықтар
0