Қостанайдағы өрт: қызметтік борышын атқаруда жанқиярлық танытқандар марапатталды

© Photo : Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіМемлекеттік награда
Мемлекеттік награда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
Медальмен наградталғандар арасында екі волонтер бар
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда жанқиярлық танытып, төтенше жағдайда ерлік көрсеткендер наградталды. Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп жазады БОРТ N1.

"Ерлігі үшін" медалі

1.
Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
2.
Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
3.
Әкім Алдияр Ермекұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
4.
Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
5.
Базаров Ержан Оралханұлы – "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
6.
Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
7.
Бауэр Алексей Александрович – волонтер;
8.
Боромбаев Айдос Сағынайұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;
9.
Ержанов Айбек Ахметбекұлы – "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
10.
Жапаров Самат Таласпайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
11.
Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
12.
Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;
13.
Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
14.
Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;
15.
Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер;
16.
Төлеухан Әнуар Жанатұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
17.
Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;
18.
Хасенов Мұрат Қалиханұлы – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компания" АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;
19.
Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
20.
Щурихин Максим Сергеевич – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.
Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы ерлік танытқан өрт сөндірушілерді наградаға ұсынуды тапсырды. Өрт сөндірушілерге екі айлық көлемінде сыйақы беріледі.

Қостанай облысындағы өрт

Қыркүйек айының басында Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орманды алапат өрт шарпыған болатын. Өртті сөндіру 2-10 қыркүйек аралығында жалғасты. Өрт 43 мың гектардан астам аумақты алды. Екі елді мекенде 91 үйді өртеніп кетті.
Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.
Пожар в цеху, принадлежащем Казахскому обществу слепых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Тоқаев Қостанайдағы алапат өрт туралы кеш хабарланғанын айтты
Жаңалықтар
0