https://sputnik.kz/20220921/saylau-zanga-saykes-toqaev-27748116.html
Сайлау заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін - Тоқаев
Сайлау заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Ол биыл 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы отандық және... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T16:23+0500
2022-09-21T16:23+0500
2022-10-27T09:54+0500
сайлау
қасым-жомарт тоқаев
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_0:0:3123:1756_1920x0_80_0_0_9871ccbdab08d3422e19ca9d4bec6f1c.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Ол биыл 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізілетінін мәлімдеді.Ол азаматтарды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырды. "Мен жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады", - деді Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, осы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды. "Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Мемлекет "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады", - деді ол.Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастағанын атап өтті. Бұған қоса, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Ол бейбіт жиналыстарды өткізу үшін алдын-ала ескерту тәртібі енгізілгеніне тоқталды. Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеудің қажетті шегі төмендетілген болатын. Сайлау алдындағы партиялық тізімді жасақтау және депутат мандаттарын бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді."Саяси партиялардың мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендеді. Сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген баған қосылды. Парламенттік оппозиция институты құрылды. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыстық деп танылмайтын болды, 174-бабы ізгілендірілді. Өлім жазасы жойылды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілдері енгізілді", - деді мемлекет басшысы. Еске салсақ, президент бүгін кезектен тыс сайлауды биыл 20 қарашада өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
https://sputnik.kz/20220921/qazaqstanda-kezekten-tys-prezident-saylauy-20-qarasha-27747638.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27204173_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_142c309f409479cabdb6e37422fa4bc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, қасым-жомарт тоқаев
сайлау, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Ол биыл 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізілетінін мәлімдеді.
"Мен мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз", - деді президент.
Ол азаматтарды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырды.
"Мен жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, осы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды.
"Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Мемлекет "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады", - деді ол.
Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастағанын атап өтті. Бұған қоса, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды.
"Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер президенттен парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады. Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілді. Мен осы ережені жүзеге асыру үшін "Ұлттық қор – балаларға" деген мүлде жаңа бағдарлама ұсындым", - деді Тоқаев өз үндеуінде.
Ол бейбіт жиналыстарды өткізу үшін алдын-ала ескерту тәртібі енгізілгеніне тоқталды. Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеудің қажетті шегі төмендетілген болатын. Сайлау алдындағы партиялық тізімді жасақтау және депутат мандаттарын бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді.
"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендеді. Сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген баған қосылды. Парламенттік оппозиция институты құрылды. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыстық деп танылмайтын болды, 174-бабы ізгілендірілді. Өлім жазасы жойылды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілдері енгізілді", - деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, президент бүгін кезектен тыс сайлауды биыл 20 қарашада өткізу туралы жарлыққа қол қойды.