https://sputnik.kz/20220921/qazaqstanda-kezekten-tys-prezident-saylauy-20-qarasha-27747638.html
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T16:10+0500
2022-09-21T16:10+0500
2022-10-27T10:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/1210/48/12104872_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_10c1db27433badf561b4e48fc4ca1964.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Еске салсақ, биыл 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Президент сайлауға баруға дайын екенін айтты. Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Тиісті заңды таяуда парламент қабылдап, Тоқаев қол қойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/48/12104872_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_fb814236f8154087b88dd3f1c5872084.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
16:10 21.09.2022 (жаңартылды: 10:00 27.10.2022) Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Еске салсақ, биыл 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Президент сайлауға баруға дайын екенін айтты.
Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Тиісті заңды таяуда парламент қабылдап, Тоқаев қол қойды.