Қостанай облысындағы өрт: БАӘ қалпына келтіру жұмыстарына 1 млн доллар бөлді

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКҚостанай облысындағы өрт
Қостанай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға Қостанай облысындағы өртенген орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан премьер-министрі Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Әл-Бахр" сарайында БАӘ президентімен кездесті.
Смайылов биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.
"Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық саласында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз", — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр соңғы жылдары түрлі салаларда бірлескен жобалар саны артып жатқанын айтты.
Ал шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытын толық қолдайтынын атап өтіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.
Қостнай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Өңірлер
ERG Қостанай облысындағы өрттің салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөледі
Жаңалықтар
0