Өңірлер

ERG Қостанай облысындағы өрттің салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөледі

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКҚостнай облысындағы өрт
Қостнай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
Қаржы орман алқаптарын қалпына келтіруге жұмсалатын болды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Eurasian Resources Group Қостанай облысындағы өрттің салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөледі, деп хабарлады топтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Еуразиялық топ құрамындағы ірі кәсіпорын – "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ тілсіз жаумен күреске арнайы техникаларын аттандырған болатын.
"Қостанай облысы әкімдігінің келісімімен, ERG бөлген қомақты қаражат – 1 млрд теңге алапат өртте жанып кеткен орман алқаптарын қалпына келтіруге жұмсалатын болды. Қаржы бұрын айтылғандай төтенше оқиғадан зардап шеккендерге қолдау көрсететін бірыңғай қорға емес, орманды қалпына келтіріп, көшет егетін компанияға тікелей аударылады", - деоінген хабарламада.
Бұдан бөлек, компания 2025 жылға дейінгі экологиялық стратегия аясында 420 мың түп ағаш егу жұмысын барынша белсенді жалғастырады.
Жаңалықтар
0