Өңірлер

Алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады - Қазгидромет

© Sputnik / Абзал КалиевАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Синоптиктер елде 22-24 қыркүйек аралығында күн ашық болады деп болжап отыр.

"Батыс облыстарда және оңтүстік-шығыстың таулы, тау етегіндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді", - делінген метеорологиялық қызметтің хабарламасында.

Түнде ауа температурасы төмендегенімен, күндіз елдің барлық өңірінде плюс 20-34 градус аралығында болады.
Еліміздің батысында аптап ыстық аздап басылады.
Күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Денсаулық
Күзде кімнің иммунитеті ең мықты болады
Жаңалықтар
0