Денсаулық

Күзде кімнің иммунитеті ең мықты болады

© Sputnik / Абзал КалиевКүз
Күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз - Sputnik. Күздегі иммунитет адамның жазды қалай өткізгеніне байланысты болады, дейді аллерголог-иммунолог Владимир Болибок. Sputnik радиосына берген сұхбатында ол кімнің иммунитеті ең мықты болатынын атап өтті.
Күз - иммунитетке қауіп төндіретін жылдың ең қауіпті уақыты. Осы кезеңде вирустық және басқа да жұқпалы аурулар белсенді таралады. Сондықтан иммунитеттің күшті болуы өте маңызды, деді иммунолог.
"Күздің басында ересек адамның иммунитеті оның жазда қалай демалғанына байланысты. Жазда демалып үлгеру керек, өйткені барлық ауру стрестен болады деп бекер айтпайды. Стресс гормондарының жоғарылауы иммунитетті әлсіретіп, созылмалы аурулардың дамуына әкеледі. Біз демалған кезде стресс гормондарының деңгейі төмендейді. Бұл иммунитетті жақсартады", - деп түсіндірді Владимир Болибок.
Жазда инфекция жұқтырмаған адамдардың иммунитетті күзде жоғары деңгейде болады, деп қосты дәрігер.
"Өкініштісі, жазда, адамдар жиі ішек инфекцияларын жұқтырады. Кейбірі тамақ пен алкогольден уланады. Егер мұндай жағдай болмаса, иммундық жүйенің жағдайы жақсы болады", – деп қорытындылады Болибок.
Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2020
Қоғам
Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет?
Жаңалықтар
0