Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

© Photo : Facebook / Мейржан ТуребаевМейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімін 17 қазанға дейін ұзартты.
"2022 жылдың 17 қыркүйегінде сот қаулысымен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға 17 қазанға дейін ұзарту туралы қолдаухат қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы соты.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр.
Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Ол әлі іздестіріліп жатыр.
Мейржан Туребаев и Мейирхан Шерниязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Қаржы пирамидасы: Төребаев пен Шерниязов екі айға қамалды
Жаңалықтар
0