Қаржы пирамидасы: Төребаев пен Шерниязов екі айға қамалды

Мейржан Туребаев и Мейирхан Шерниязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов тергеу сотының қаулысы бойынша тағы екі айға қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Мұның алдында Төребаев пен Шерниязов 10 күнге қамауға алынған.
"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Төребаев пен Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды", - делінген ақпаратта.
Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы("қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету") бойынша күдікті деп танылған.
2022 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылғаны хабарланды.
Күдіктілердің бірі Азимжан Саидбаевтың қайда екені белгісіз болғандықтан, сырттай қамауға алынған.
Бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0