https://sputnik.kz/20220420/almaty-qarzhy-piramidasy-24319780.html
Алматыда қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды
Алматыда қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T07:33+0500
2022-04-20T07:33+0500
2022-04-20T08:00+0500
қаржы пирамидасы
алматы
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қаржы пирамидасына қатысы бар тағы үш адам анықталды.Айтуынша, олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.Қылмыстық іс бір топ азаматтың "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді.2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет деген желеумен қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды.Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 процентін төлеуге міндетті болды. "ASTEX.KZ" ЖШС 162 салымшыдан 5 миллиард теңгеден астам қаражатты басқа компания – "MUDARABAN CAPITAL" ЖШС арқылы алған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_948a06c5e5215db0fbf4bd1ce29cc0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, алматы
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаржы пирамидасына қатысы бар тағы үш адам анықталды.
"Әңгіме "Mudaraban Capital" серіктестігінің қатысушылары – Ш. және Т.есімді азаматтар жайлы болып отыр, оларға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде "кепіл" санкциясын берген, сондай-ақ М.есімді және К.есімді азамат сотқа дейінгі тергеу барысында "үйқамаққа" алынған", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Айтуынша, олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.
Қылмыстық іс бір топ азаматтың "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді.
2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет деген желеумен қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды.
Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 процентін төлеуге міндетті болды. "ASTEX.KZ" ЖШС 162 салымшыдан 5 миллиард теңгеден астам қаражатты басқа компания – "MUDARABAN CAPITAL" ЖШС арқылы алған.