Қырғызстан-Тәжікстан шекарасындағы жағдай әлі шиеленісіп тұр

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай әлі шиеленісіп тұр, деп хабарлайды @Sputnik_Kyrgyzstan.
Шекара қызметінің мәліметінше, өткен түн тыныш өтті. Оқ атуды тоқтау туралы келісім бұзылған жоқ. Шекарашылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары Баткен облысының Бұлақ-Башы шекара аймағында тағы да бір-біріне қарсы қару қолданды.
Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәлімет бойынша, қақтығысқа Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан Республикасының шекара жасағының пайда болуы себеп болған.
Тәжік сарбаздары қос тараптың арасында бұған дейін жасалған келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияға жайғасқан, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
16 қыркүйек күні таңертең ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловпен және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзодамен телефон арқылы сөйлесті. Олар бүгін қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың күрт ушығуын талқылады.
Келіссөз барысында тараптар шұғыл оқ атуды тоқтату және қақтығысты тек бейбіт жолмен шешу үшін құзырлы органдар арқылы қазіргі жағдай бойынша келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді.
Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қақтығыста 36 Қырғызстан азаматы қайтыс болды.
Қырғызстанның брондалған техникасы мен ұшқышсыз аппараттары жасаған шабуыл кезінде Зумруд и Овчикалъача джамоаттарында 25 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
Жаңалықтар
0