Әлем

ҰҚШҰ Қырғызстан және Тәжікстан қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен келіссөз жүргізді

Станислав Зась - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
Станислав Зась тез арада атысты тоқтатып, шекарадағы жағдайды реттеу үшін бейбіт келіссөзге қайта оралуға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қырғызстан мен Тәжікстанның қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен келіссөз жүргізді.
16 қыркүйек күні таңертең ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловпен және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзодамен телефон арқылы сөйлесті. Олар бүгін қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың күрт ушығуын талқылады.
"Келіссөз барысында тараптар шұғыл оқ атуды тоқтату және қақтығысты тек бейбіт жолмен шешу үшін құзырлы органдар арқылы қазіргі жағдай бойынша келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді", - деп жазылған ҰҚШҰ Telegram-арнасында жарияланған ақпаратта.
Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері таңертеңнен бері екі елдің әскери қызметкерлері арасында шекара бойында оқ ату үдегенін хабарлаған.
Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, таңғы сағат алты шамасында тәжік тарапы Екі-Таш, Чыр-Добо, Құм-Мазар және Орто-Боз елді мекендерінде шекарашылар мен аумаққа атыс қаруынан және минометтерден оқ ата бастаған.
Қырғызстанда қақтығыс болып жатқан Тәжікстанмен шекаралас аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды.
Өз кезегінде Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның Баткен шекара жасағына қарасты Көктош шекара заставасының әскерилері келісімді бұзып, Тәжікстанның "Исфара" шекара жасағының "Душанбе" шекара заставасына ауыр қарудан оқ жаудырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, әскерилер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені хабарланды. Бірақ бұл деректер шекарадағы жағдай сияқты үнемі өзгеріп отыр.
Жаңалықтар
0