Спорт

Геннадий Головкин тағы бір жекпе-жекке шығуға міндеттелді

© PhotoГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Геннадий Головкин өз салмағында бір титулды қорғауға міндеттелді. WBA оған келесі қарсыласты ұсынып, шешім қабылдауға талап қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күні кеше қазақстандық боксшы Лас-Вегас қаласында Сауль "Канело" Альвареспен бокстасып, суперорта салмақта төрт титул үшін таласқан. Оған көтерілу үшін Головкин төрт келі қосқан. Алайда мексикалық боксшыдан жеңілсе де, өз салмағында WBA Super мен IBF белбеуінің иегері болып қалды.
vRINGe.com ақпаратына сәйкес, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA қазақстандық боксшыны осы тұжырым бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты қорғауға міндеттеді. 40 жастағы Головкин WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуі керек. Биыл Лара 39 жасқа толды.
GGG шешім қабылдау үшін бес күн беріліп отыр.
Айта кетері, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жекте төрешілер шешімімен ұтылды. Сауль Альварес айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Головкин - Альварес, дуэль взглядов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Спорт
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
Жаңалықтар
0