Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барды

Самарқанд
Самарқанд - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандқа барды. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлады.
Әуежайда мемлекет басшысын Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Мемлекет басшысы Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отыр, деді президенттің баспасөз қызметі.
Өзбекстанда мемлекет басшысы басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Қазіргі уақытта 2001 жылы құрылған ШЫҰ құрамына Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Пәкістан кіреді.
ШЫҰ мүше мемлекеттердің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды
Жаңалықтар
0