https://sputnik.kz/20220915/shyu-askeri-uyym-balamasyna-aynalmaydy-27613049.html
ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды
ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T15:48+0500
2022-09-15T15:48+0500
2023-08-09T12:31+0500
шыұ
https://sputnik.kz/img/207/47/2074738_0:138:2601:1601_1920x0_80_0_0_ec19386d34d62c7e2e160b4fe5503ac7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ешкім Шанхай ынтымақтастық ұйымын әскери ұйымға балама етуді көздеп отырған жоқ, ШЫҰ-дағы ынтымақтастық – бұл біреуге қарсы емес, бір мақсатқа бағытталған татулық, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бейсенбі күні Самарқандта ШЫҰ-ның екі күндік саммиті аясындағы шаралар басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка. Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Мысыр, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп көзделіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/207/47/2074738_140:0:2459:1739_1920x0_80_0_0_7b7456f57c3e65c033ad9f1e7acbeb1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ
ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды
15:48 15.09.2022 (жаңартылды: 12:31 09.08.2023) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ешкім Шанхай ынтымақтастық ұйымын әскери ұйымға балама етуді көздеп отырған жоқ, ШЫҰ-дағы ынтымақтастық – бұл біреуге қарсы емес, бір мақсатқа бағытталған татулық, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Ешкім мұндай міндет қойып отырған жоқ. Шындығында, ШЫҰ-дағы барлық қарым-қатынас бір-бірінің мүдделерін өзара құрметтеу негізінде құрылған. Бұл біреуге қарсы емес, бір мақсатқа бағытталған татулық", - деді Песков журналистерге берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Бейсенбі күні Самарқандта ШЫҰ-ның екі күндік саммиті аясындағы шаралар басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Мысыр, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп көзделіп отыр.