Съезд қатысушылары: діни алуан түрлілік әлсіздік емес, күш

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ бас хатшысының Өркениеттер альянсы бойынша жоғары өкілі Мигель Анхель Мартинес Қазақстан жүзден астам ұлттың ортақ үйі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Қазақстанда өткізілуі кездейсоқтық емес екенін атап өтті.
"Қазақстан – 100-ден астам ұлт пен көптеген діни қауымдастықтың ортақ үйі. Тарихтарыңыз сондай. Қазір адамзат Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі тарихтың сын-сағатында тұр. Біз барлық діннің күш-жігерін біріктіруіміз қажет. Діни көптүрлілік әлсіздік емес, күш екенін ұғынуға тиіспіз", - деді жоғары өкіл астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезінде.
Ол Қазақстан әрбір мәдениет пен діннің бірегейлігіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, бұл тәжірибені бүкіл әлемге тарату қажет екеніне назар аударды.
"Кемсітушілік бізді бұзады, бәріміздің құқығымызды таптайды. Ол бізге әлеуетімізді толық ашуға мүмкіндік бермейді", - деді Мигель Анхель Мартинес.
Айта кетері, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Діни форумға арнайы қонақ ретінде Рим папасы Франциск келді. Сондай-ақ елу елден 100-ден астам делегация жиналған.
Коронавирус, маска - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Израильдің бас раввині коронавирус адамзатқа не үйреткенін айтты
Жаңалықтар
0