https://sputnik.kz/20220914/izraildin-bas-ravvini-koronavirus-27572043.html
Израильдің бас раввині коронавирус адамзатқа не үйреткенін айтты
Израильдің бас раввині коронавирус адамзатқа не үйреткенін айтты
Sputnik Қазақстан
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T14:22+0500
2022-09-14T14:22+0500
2022-09-14T14:22+0500
израиль
коронавирус
https://sputnik.kz/img/1273/89/12738959_0:281:3071:2008_1920x0_80_0_0_6a06e2a07e7ef4016a6e0292c9365540.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф коронавирус адамдардың Құдайға деген сенімін күшейткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Коронавирус Құдайға деген сенімді күшейтті. Себебі адамдар бәрі бізге байланысты емес екенін түсінді. Тіпті кішкентай вирустың алдында қауқарсыз болып қалдық. Бәрі Құдайдың қолында. Баршамыз Жаратушыдан індет пен соғыстан сақтап, әлемді жақсарта түссін деп тілейміз. Әйтсе де дұғамыз қабыл болуы үшін не істей аламыз? Жаман әдеттерден арылып, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек", - деді Ицхак Йосиф Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде. Ол дін көшбасшылары өзгелерге үлгі көрсетуге тиіс екенін атап өтті. Айта кетері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады. Шараға елу елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген. Діни форумға Рим Папасы Францисктен бөлек, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1273/89/12738959_177:0:2908:2048_1920x0_80_0_0_66fb01b00fe715f10126ae4b0c1eed6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, коронавирус
Израильдің бас раввині коронавирус адамзатқа не үйреткенін айтты
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф коронавирус адамдардың Құдайға деген сенімін күшейткенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Коронавирус Құдайға деген сенімді күшейтті. Себебі адамдар бәрі бізге байланысты емес екенін түсінді. Тіпті кішкентай вирустың алдында қауқарсыз болып қалдық. Бәрі Құдайдың қолында. Баршамыз Жаратушыдан індет пен соғыстан сақтап, әлемді жақсарта түссін деп тілейміз. Әйтсе де дұғамыз қабыл болуы үшін не істей аламыз? Жаман әдеттерден арылып, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек", - деді Ицхак Йосиф Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде.
Ол дін көшбасшылары өзгелерге үлгі көрсетуге тиіс екенін атап өтті.
"Діни лидерлер шыдамдылық, төзімділік, жаман қасиеттерден арылу, бір-біріне құрмет пен ізет көрсетудің үлгісіне айналып, адамдарды жақсылыққа үйрету керек", - деді бас раввин.
Айта кетері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады. Шараға елу елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген.
Діни форумға Рим Папасы Францисктен бөлек, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.