Саясат

Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келетінін айтты

© AFP 2024 / MARK SCHIEFELBEINҚасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
14 қыркүйекте Қытай басшысы мемлекеттік сапармен келеді
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Қазақстанға не үшін баратынын жазды.
"Осы күзде президент Қасым-Жомарт Кемелұлының шақыруымен Қазақстанда мемлекеттік сапармен боламын. Осымен төртінші рет араға бес жыл салып, кең даламен, маңғаз тауларымен және өзендерімен танымал еліңізге келемін. Алдағы сапарға үлкен үміт артып отырмын", - дейді Қытай басшысы.
Си Цзиньпин биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуына 30 жыл толғанын да еске салды. Осы уақыт ішінде екі елдің байланысы стратегиялық әріптестікке дейін жетті. Қазақстан мен Қытай сенімді дос пен уақыт сынынан өткен әріптеске айналды.
"Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, былтыр екі жақты тауар айналымы пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 25 миллиард долларды құрады. Бұл біздің әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қосқан ортақ үлесіміз", - деп атап көрсетті ҚХР төрағасы.
Өндірістік күштер мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясында 52 бірлескен жобаның тізімі жасалған. Олардың жалпы құны 21,2 миллиард доллардан асады.
"Соның ішінде Жаңатаста қуаты 100 МВт болатын жел электрстанциясы, JAC автомобильдерін құрастыру желісі мен Шымкент мұнай өндіру зауытын жаңғырту сияқты бірлескен ірі жобалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, екі ел халқына айтарлықтай пайда әкеліп жатыр", - деді Си Цзиньпин.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай барынша тиімді әрі ыңғайлы мультимодалды көлік желісін құру бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді. Екі ел арасындағы 5 көлік және 2 теміржол өткізу бекеті штаттық режимде қайта ашылды. Бұдан бөлек, тағы жаңа теміржол бақылау-өткізу пунктін ашу мәселесі қаралып жатыр.
"Алдағы сапар кезінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевпен Қытай мен Қазақстанның бір тағдыр қауымдастығына бет түзей отырып, жаңа дәуірде қытай-қазақтың мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыту, кеңейту мен көп жоспарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты оңтайландыру жайын талқылауға дайынмын. Осылайша, екі жақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастыруымыз қажет", - деп жазды Си Цзиньпин.
Руслан Төленов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Әлем
Си Цзиньпин Қытайда "панда адам" аталып кеткен қазақстандықпен кездесті
Жаңалықтар
0