https://sputnik.kz/20220415/si-tszinpin-qytay-panda-adam-qazaqstandyq-24220568.html
Си Цзиньпин Қытайда "панда адам" аталып кеткен қазақстандықпен кездесті
Си Цзиньпин Қытайда "панда адам" аталып кеткен қазақстандықпен кездесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан азаматы Қытайда 6 литр қан тапсырған. Оның қаны сирек кездесетін топқа жатады. Қазақстандық донормен Си Цзиньпиннің өзі кездесті 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T09:44+0500
2022-04-15T09:44+0500
2022-04-15T09:44+0500
әлем
си цзиньпин
қытай
панда
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24219232_0:0:640:360_1920x0_80_0_0_45ffff3681e30b9edcbeff35a818a7fc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Хайнань провинциясында Қытайда "панда адам" лақап атымен танымал қазақстандық Руслан Төленовпен кездесті. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо хабарлады.Русланның қаны теріс резус-факторлы сирек кездесетін қан тобына жатады. Қытайда бұл қан тобын "панда қаны" деп атайды. Қазақстандықтың лақап аты да осыдан шыққан.Руслан Қытайға 2009 жылы оқуға және жұмыс істеуге келген. Содан бері отандасымыз алты литрден астам қан тапсырған.2013 жылы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары барысында Руслан Төленовтің жанқиярлығын жоғары бағалады.Русланның айтуынша, ол қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Басқаларға көмектесуді оған ата-анасы үйретіпті.Қазір Руслан Төленов Хайнань провинциясында халықаралық экономиканы дамыту бюросында істейді. Ол осы бюродағы алғашқы шетелдік маман атанды.Кейбір мәлімет бойынша, әлемде мұндай қан тобымен небәрі елуге жуық адам бар.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24219232_127:0:607:360_1920x0_80_0_0_0147a7641232fc0fd7b804622bf5fe36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
си цзиньпин, қытай, панда
си цзиньпин, қытай, панда
Си Цзиньпин Қытайда "панда адам" аталып кеткен қазақстандықпен кездесті
Қазақстан азаматы Қытайда 6 литр қан тапсырған. Оның қаны сирек кездесетін топқа жатады. Қазақстандық донормен Си Цзиньпиннің өзі кездесті
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Хайнань провинциясында Қытайда "панда адам" лақап атымен танымал қазақстандық Руслан Төленовпен кездесті. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо хабарлады.
Русланның қаны теріс резус-факторлы сирек кездесетін қан тобына жатады. Қытайда бұл қан тобын "панда қаны" деп атайды. Қазақстандықтың лақап аты да осыдан шыққан.
Руслан Қытайға 2009 жылы оқуға және жұмыс істеуге келген. Содан бері отандасымыз алты литрден астам қан тапсырған.
2013 жылы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары барысында Руслан Төленовтің жанқиярлығын жоғары бағалады.
Русланның айтуынша, ол қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Басқаларға көмектесуді оған ата-анасы үйретіпті.
Қазір Руслан Төленов Хайнань провинциясында халықаралық экономиканы дамыту бюросында істейді. Ол осы бюродағы алғашқы шетелдік маман атанды.
Кейбір мәлімет бойынша, әлемде мұндай қан тобымен небәрі елуге жуық адам бар.