Өңірлер

Оралда балалар ауылының жоғалған тәрбиеленушілері ұрланған заттармен бірге табылды

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек - Sputnik. Оралда отбасылық үлгідегі балалар ауылынан жоғалып кеткен екі тәрбиеленуші ұрланған заттармен бірге табылды.
Олар 12 қыркүйек сағат 14:00 шамасында Комарово саяжай қоғамындағы қараусыз қалған үйден аман-есен табылды, деп жазады Mgorod.kz.
"Іздестіру шараларына БҚО ІІД-нің барлық сыртқы қызметі, еріктілер мен жанашыр жандар жұмылдырылды. Олар екі күн бойы іздеді. Жасөспірімдер жалыққандықтан, қашып кеткенін айтты. Ұрланған заттардың басым бөлігі киім-кешек", - деді облыстық полиция департаменті.
Олар саяжай тұрғындары берген тамақты жеді. Үйді-үйді аралап, тамақ сұрап, орманда түнеген, деді Орал қаласы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мәдина Құспанова.
Еске салсақ, 15 жастағы Максим Федуллев пен тоғыз жасар Николай Харченко 10 қыркүйекте жоғалып кеткен болатын. Түс ауа ауылдан шығып, қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге жұмылдырылды.
Рука человека  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2022
Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыз өлі табылды
Жаңалықтар
0