Өңірлер

Үсік жүріп, қар жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Photo : Pixabay / _Alicja_Үсік
Үсік - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің солтүстік жартысы солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалында болады. Батыста, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жаңбыр болжанып отыр. Шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауған жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республикада жел күшеюі ықтимал.
Түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Денсаулық
Күзде кімнің иммунитеті ең мықты болады
Жаңалықтар
0