Білім

Енді IT-мамандыққа түсетін талапкерлер ҰБТ-да информатикадан тест тапсырады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Биылғы оқу жылынан бастап ІТ-мамандықтарды меңгергісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

"Осы оқу жылынан бастап IT-мамандықтарға түсетін талапкерлер қажетті пәндердің бірі ретінде информатикадан тест тапсырады. Бұл қуантарлық жаңалық. Біз бұл мәселені білім министрлігімен бірге бұрыннан бері пысықтап келдік", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, информатиканы ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне кіргізу арқылы пәнді оқуға қызығушылық танытқан оқушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік болады. Ал бұл өз кезегінде информатика мұғалімдері кәсібінің беделі мен мәртебесін арттырады.
"Әрбір адам, мәселен, математиканы білгені сияқты бағдарламалау негіздерін де білуі керек деп ойлаймын. Бағдарламалау кез-келген кәсіпте пайдалы болуы мүмкін, мейлі ол медицина болсын, инженерлік сала болсын. Өйткені болашақтың барлық мамандығы IT саласымен байланысты болатыны шындық", - дейді Мусин.
Еске салсақ, биыл ақпан айында оқу-ағарту министрлігі (бұрынғы білім және ғылым министрлігі) ІТ-бағыттар бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсыратынын мәлімдеген еді.
Ведомство 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсыратынын хабарлады.
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Білім
ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
Жаңалықтар
0