https://sputnik.kz/20220218/ubt-zhana-pan-engizildi-22895213.html
ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
Sputnik Қазақстан
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді, өзгеріс жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T08:50+0500
2022-02-18T08:50+0500
2022-02-18T08:50+0500
білім
ұбт
жаңа пән
информатика
https://sputnik.kz/img/1060/82/10608268_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_b32d8bc967ed84e6ec4510179887f916.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті."Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.Айта кетері, 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді.Бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл (наурыздағы ҰБТ кезінде) ІТ-бағыттарға түсу үшін "Математика+Информатика" комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.
https://sputnik.kz/20220214/qazaqstan-ubt-otkizu-erezheleri-22766377.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1060/82/10608268_228:0:2048:1365_1920x0_80_0_0_9858287e657d225f944924bf21f26039.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, жаңа пән, информатика
ұбт, жаңа пән, информатика
ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді, өзгеріс жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті.
"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетері, 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді.
Бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл (наурыздағы ҰБТ кезінде) ІТ-бағыттарға түсу үшін "Математика+Информатика" комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.