https://sputnik.kz/20220911/zhetisulyqtar-qostanay-oblysy-gumanitarlyq-komek-27471284.html
Жетісулықтар Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтті
Жетісулықтар Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысының тұрғындары Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап берді. 11.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-11T10:51+0500
2022-09-11T10:51+0500
2022-09-11T10:51+0500
өңірлер
жетісу
қостанай облысы
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27469821_0:251:2748:1797_1920x0_80_0_0_89119c3a6e6a718f08a99a1c609bc925.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысының тұрғындары Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап берді.Еріктілер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Amanat партиясының мүшелері мен қайырымды жетісулықтар 2,5 тонна азық-түлік, киім-кешек, гигиена заттары, 10 тонна қант пен 15 тонна ұн жинады. Бұған қоса, өңір тұрғындары бірыңғай арнайы шотқа 1,4 млн теңге аударды."Біз қиын-қыстау сәтте бірлік пен ауызбіршілік танытып, оларға қол ұшын созып, қолдау көрсетуіміз қажет", – деп атап өтті "Жастар рухы" жастар қанатының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов.Көмек жинау пунктіне жылы киімдер мен азық-түлік әлі түсіп жатыр."Қажет заттар мен азық-түлік өнімдерін бірден жинай бастадым. Туыстарымды да тарттым. Қиын сәтте отандастарымызға көмек көрсету керек", - деп санайды Талдықорған тұрғыны Венера Исаева.Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде #КөмекҚостанай хэштегімен жұмыс жалғасып жатыр. Онда гуманитарлық көмек жинау орындары мен зардап шеккендер үшін "Қайрымдылық KZ" қорының бірыңғай шоты көрсетілген.
https://sputnik.kz/20220910/qostanay-oblysyndagy-ort-tolyq-sondirildi-27465527.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27469821_9:0:2740:2048_1920x0_80_0_0_4b10bd66a78f1177c4fe921aee74e17c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, қостанай облысы, гуманитарлық көмек
жетісу, қостанай облысы, гуманитарлық көмек
Жетісулықтар Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтті
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысының тұрғындары Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап берді.
Еріктілер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Amanat партиясының мүшелері мен қайырымды жетісулықтар 2,5 тонна азық-түлік, киім-кешек, гигиена заттары, 10 тонна қант пен 15 тонна ұн жинады. Бұған қоса, өңір тұрғындары бірыңғай арнайы шотқа 1,4 млн теңге аударды.
"Біз қиын-қыстау сәтте бірлік пен ауызбіршілік танытып, оларға қол ұшын созып, қолдау көрсетуіміз қажет", – деп атап өтті "Жастар рухы" жастар қанатының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов.
Көмек жинау пунктіне жылы киімдер мен азық-түлік әлі түсіп жатыр.
"Қажет заттар мен азық-түлік өнімдерін бірден жинай бастадым. Туыстарымды да тарттым. Қиын сәтте отандастарымызға көмек көрсету керек", - деп санайды Талдықорған тұрғыны Венера Исаева.
Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде #КөмекҚостанай хэштегімен жұмыс жалғасып жатыр. Онда гуманитарлық көмек жинау орындары мен зардап шеккендер үшін "Қайрымдылық KZ" қорының бірыңғай шоты көрсетілген.